Германияның Шверин қаласында Қазақстан экономикасының күні өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияның Шверин қаласында Қазақстан экономикасының күні өтті © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Германияның Шверин қаласында Қазақстан экономикасының күні өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараны Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бастамасымен Мекленбург-Алдыңғы Померания Федералдық жерінің үкіметі мен Шверин қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасы бірігіп ұйымдастырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияның Шверин қаласында Қазақстан экономикасының күні өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараны Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бастамасымен Мекленбург-Алдыңғы Померания Федералдық жерінің үкіметі мен Шверин қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасы бірігіп ұйымдастырды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шара "Қазақстан-2050" Стратегиясында және "Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол" жаңа экономикалық саясатында қойылған мәселелерді жүзеге асыруға арналған. Оған Бундестаг депутаты Карин Штренц, Мекленбург-Алдынғы Померания Федералдық жерінің Экономика, құрылыс және туризм министрлігінің статс-хатшысы Штефан Рудольф, ҚР ГФР-дағы елшісі Болат Нүсіпов және Шверин қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ханс Тон қатысты.

"Қазақстандық дипломат өз сөзінде "Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол" жаңа экономикалық саясаты аясында герман бизнесі үшін Қазақстандағы мүмкіндіктер туралы баяндап берді. Қазақстан мен Германия арасында әртүрлі салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге жақсы мүмкіндіктер пайда болғандығы аталып өтті", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Тон биыл шілде айында Мекленбург-Алдыңғы Померания Федералдық жері экономикалық делегациясының Қазақстанға жоспарланған іс-сапары туралы мәлім етті. Рудольф бұл сапардың мақсаттарымен және басымдықтарымен таныстырып, неміс компанияларының ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.

Айта кетейік, жалпы форумда жаңартылатын энергия көздері, логистика, азық-түлік өнеркәсібі, денсаулық сақтау, "дуалды" білім беру және туризм секілді екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары талқыланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети