20 маусым 2024 17:39

Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судьяда пышақ жарақаттары болған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/podslushano.de Фото: instagram.com/podslushano.de

Германияда қаза болған қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның қолында, мойынында және бетінде пышақ жарақаттары болған. Бұл туралы "BILD на русском" Telegram-арнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Германияда қаза болған қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның қолында, мойынында және бетінде пышақ жарақаттары болған. Бұл туралы "BILD на русском" Telegram-арнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Telegram-арна мәліметінше, 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) оқып, кейін Астанада судья болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және қайын енесімен бірге тұрған. 4 маусымда таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарған. Содан кейін әйелді ешкім көрмеген. Жексенбіде оның денесін қаланың шетінде пластикалық қапқа салынған күйде тапқан. BILD мәліметінше, өлген адамның қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары анықталған.

"Біз төбелес болды деп болжаймыз, әйелге шабуыл жасалып, ол өзін-өзі қорғаған болуы керек", - деді тергеуші.

Басылымның сауалына прокуратура бұл іс бойынша әлі бірде-бір күдікті жоқ деп жауап берген.

Сайлыбаевамен қатар, бір уақытта оның ресейлік 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кеткен. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне әкелген. Содан бері әйелді ешкім көрмеген. Қазір Жаклин әкесімен бірге. Марқұмның 35 жастағы інісі Қанат Сайлыбаев Германияға Қазақстаннан келген. Ол BILD басылымына әпкесін туған жерінде жерлемекші екенін айтты.

"Бізде өте тығыз байланыс болды. Бұл Айгүлдің мінезіне мүлдем сай емес еді. Ол әдетте хабарламаларға бес минут ішінде жауап беретін. Біздің ата-анамыз онымен күн сайын, соңғы рет 3 маусымда телефонмен сөйлескен. 5 маусымда біз полицияға хабарладық. Айгүл өте ашық және жанашыр адам болды. Ол қызын бәрінен де жақсы көретін, аяулы ана болды. Айгүлдің өліміне кім кінәлі болса, әділ жазасын алып, әділдік орнайды деп сенемін", - деп келтіреді басылым оның сөзін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 463.83   490.7   5.3 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети