Германияда Мұстафа Шоқайдың қабірі көшіріле ме? СІМ жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда Мұстафа Шоқайдың қабірі көшіріле ме? СІМ жауабы Фото:wikipedia.org

Сыртқы істер министрлігі Германияда Мұстафа Шоқайдың қабір ескерткіші көшіріледі деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі Германияда Мұстафа Шоқайдың қабір ескерткіші көшіріледі деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында журналистер Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтан Желіде Мұстафа Шоқайдың қабірі Германияда басқа жерге көшіріледі деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

"Мұстафа Шоқайдың қабірі орнында тұр. Ешқайда көшірілмейді. Бірдеңе болса неміс тарапы ескертеді. Сондықтан, мұндай жалған ақпарат таратуды тоқтату керек", - деп жауап берді ол.

Мұстафа Шоқай – ірі қоғам және саяси қайраткер, ойшыл, ағартушы, Біртұтас Түркістанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен. Ресейдегі азамат соғысы басталған кезде ол Францияға қоныс аударуға мәжбүр болған.

Ол Берлиндегі түрік мұсылмандар зиратында (Османидтер) жерленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети