GGG, Димаш, "Спарта", Төлешова тағы басқалар. Қазақстандықтардың 2017 жылғы жеңісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

GGG, Димаш, "Спарта", Төлешова тағы басқалар. Қазақстандықтардың 2017 жылғы жеңісі

TengrinewsTV қазақстандықтардың 2017 жылдағы есте қалар жеңістерін топтастырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

TengrinewsTV қазақстандықтардың 2017 жылдағы есте қалар жеңістерін топтастырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Ақпанда АҚШ-тың Толедо қаласында WBA (Super) және IBO белбеуі үшін қазақстандық Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен арасында 12 раундты жекпе-жек болды.

Наурызда Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Осы айда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында Top Chinese Music Awards жүлдесін иеленді.

Шілдеде Елордамызда алғаш рет Көңілді тапқыштар клубының Жазғы лигасы өтті. Оған "КаZахи", "Город Пятигорск", "Сборная Камызякского края по КВН" және "Азия MIX" командалары қатысты. Осы айда құрамында үш қазақстандық бар Gambit Esports командасы Краковта өткен киберспорттан турнирді жеңіп шықты. ТМД құрамасы чемпион атанып, 500 тмың доллар жүлдеге ие болды. 

Қыркүйекте қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев 56 келі салмақта жұдырықтасып, Гамбургте өтен 2017 жылдың әлем чемпионатында жеңімпаз болды. Сондай-ақ, қыркүйекте қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин, аргентиналық Диего Себастьян Шварцманды ұтып, Қазақстан құрамасын Дэвис Кубогының иелерінен басым түсірді және турнирдің әлемдік турына жолдама алды.

Желтоқсанда "Астана" алғаш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жетті. Сонымен бірге, желтоқсанда алматылық 10 жастағы қыз Дәнелі Төлешова "Голос. Дiти" шоуының жеңімпазы атанды. 

Осының қатарына астаналық "Спарта Номад" командасының КТК-ның Жоғарғы лигасындағы жеңісін жатқызуға болады. Финал Ресей әскерінің театрында (Мәскеу) өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети