25 ақпан 2014 | 17:26

Ғимараттардың тек 3 пайызында ғана пандус бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©timetolive.ru ©timetolive.ru

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2,5 мың нысанның тек 67-сінде ғана мүгедектерге арналған пандус бар, бұл 3 пайызды ғана құрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ 1581 нысан жартылай қолжетімді болса, қалған 937-сіне мүгедектер мүлдем бара алмайды. Арнайы тексеріс жүргізген мамандар осындай қорытындыға келіп отыр. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, жекеменшік нысандарды былай қойғанда, қаланың ең ірі мәдениет орындарында, университеттер мен колледждерде де пандус болмай шыққан. Ал бар болған жағдайдың өзінде, оларда ешқандай талап сақталмаған. «Үйден шыға сала бірнеше кедергілерге тап боласың, біріншіден, қоғамдық көліктерге міну мүмкін емес, есіктері тар, мүгедек арбасын көтеріп кіргізе де алмайсың. Есігі кең ашылатын автобустардың қатары санаулы ғана, соларды күтіп тұруыңа тура келеді. Екіншіден, діттеген жеріңе жеткенде алдыңда талапқа сай емес пандус тұрады немесе мүлдем болмайды. Пандустар көбіне өте биік, әрі тайғанақ, тар болып салынған», - дейді 1-топтағы мүгедек Оксана Борисова. Мүгедектерді пандус мәселесі ғана мазалап отырған жоқ, сондай-ақ жұмыспен қамту жағы да кемшін. Мысалы Солтүстік Қазақстанда бес мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тіркеуде тұрса, олардың тек 37,4 пайызы ғана жұмыспен қамтылған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети