Головкин Назарбаевқа чемпиондық белбеулерін сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Назарбаевқа чемпиондық белбеулерін сыйлады © Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев WBC, WBA (Super), IBO чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев WBC, WBA (Super), IBO чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Отандастарың сенің жекпе-жектеріңді өткізбей қарайды. Сен Қазақстанның жақсы атын шығарып жүрсің, отаныңды естен шығармайсың және барған жеріңде ол туралы айтып жүресің. Сені мақтан тұтамыз. Қыркүйекте өте маңызды жекпе-жегің бар. Барша қазақстандықтардың атынан саған сәттілік тілеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сонымен қатар, ол Головкиннің Қазақстанда спортты насихаттауға және елдің халықаралық имиджін көтеруге зор үлес қосып жүргенін атап өтті. 

"Өз салмағыңда ең үздіксің, бір рет те жеңіліп көрмеген, нокаутқа ең көп түсіретін боксшы атағын алдың. Бұл - үлкен жетістік, спортты насихаттау мен жалпы Қазақстанды танытудың жақсы жолы. Сенің еңбегіңді бағалаймыз. Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік туса, бұған көмек береміз", - дейді Президент. 

Головкин өз кезегінде Президентке жеке қолдауы, Қазақстандағы спортты дамытуға деген назары мен салған үлесі үшін алғыс білдірді.  

"Елімізді таныту үшін бар күшімді сарп етемін. Орайы келсе, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Халқымыз осындай үлкен сауыққа лайық. Мұндайды көру барлығына қызық болады деген ойдамын", - дейді боксшы. 

Сонымен бірге, Головкин президентке WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сыйлады.

Кездесу соңында Елбасы Геннадий Головкинді "Қазақстанның Тұңғыш президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапаттады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети