Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Парижге сапары туралы видео жариялады. Ол Францияның астанасына ағасымен барды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Парижге сапары туралы видео жариялады. Ол Францияның астанасына ағасымен барды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Франция астанасына GGG ағасы Максим Головкинмен бірге Louis Vuitton брендінің креатив директоры Вирджил Аблоның шақыруы бойынша келді.
Еске салайық, 8 маусымда Головкин Нью-Йоркте өткен соңғы жекпе-жегінде канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутқа жіберіп, DAZN стриминг сервисінде дебют жасады.
Сонымен қатар, жақында GGG мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке келіссөздер басталды.