Гонконг тұмауы: денсаулық сақтау министрі қазіргі ахуал туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гонконг тұмауы: денсаулық сақтау министрі қазіргі ахуал туралы айтты Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Гонконг тұмауына қатысты қазіргі ахуалды айтты. Қазір елде бұл тұмау түрі өршіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Гонконг тұмауына қатысты қазіргі ахуалды айтты. Қазір елде бұл тұмау түрі өршіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Гонконг тұмауы ел аумағында 2001 жылдан бері тарап келе жатқанын еске салды. Бұл вирус егде жастағы адамдар мен балаларға ауыр әсер етеді.

"Осы аптада және келесі аптада әлі де күн жылы болады. Желтоқсанның ортасына дейін инфекция өршуі тіркеледі деп болжап отырмыз. Сондықтан адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу, қолды жуу, үйді желдету, бетперде тағу ұсынылады", - деді Әлназарова Сенат дәлізінде.

Шенеунік қарапайым азаматтарды медициналық бетперде тағуға мәжбүрлемейтінін, алайда медицина қызметкерлері үшін бұл талап міндетті екенін жеткізді.

Журналистер "күн суытса, тұмау, ЖРВИ-мен ауыру көрсеткіші төмендей ме?" деп сұрады. Министр солай болатынын, бірақ бірден емес екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін министр Ақмарал Әлназарова ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. Министрдің сөзінше, жыл сайын ЖРВИ-дің 3,5 млн және тұмаудың 2 мың жағдайы тіркеледі. Биылғы эпидемиологиялық маусым (1 қыркүйектен бері) басталғалы бері ЖРВИ-дің 1 млн 461 мың жағдайы тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 20%-ға төмен. Соның ішінде 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған. Кейінгі аптада ЖРВИ-дің 183 мың жағдайы тіркелген.

Астанада да ЖРВИ мен тұмау өршіп, шектеулер енгізілді. Ал Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети