06 қыркүйек 2021 | 10:02

Горбачевтің бұрынғы көмекшісі КСРО құлдырауының басты себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

КСРО экс-президенті Михаил Горбачев. © РИА Новости КСРО экс-президенті Михаил Горбачев. © РИА Новости

Михаил Горбачевтің экономика бойынша бұрынғы көмекшісі Олег Ожерельев Lenta.ru басылымымен сұхбатта Кеңес Одағы құлдырауының басты себебі азық-түлік мәселесі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Михаил Горбачевтің экономика бойынша бұрынғы көмекшісі Олег Ожерельев Lenta.ru басылымымен сұхбатта Кеңес Одағы құлдырауының басты себебі азық-түлік мәселесі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бүліктің шығуы КСРО мен социалистік жүйенің құлдырауының бір ғана қадамы болған.

"Мұндай үлкен елдің жойылуын Горбачевті биліктен кетіру үшін болған үш күндік авантюралық әрекетпен түсіндіру дұрыс емес және ғылыми емес.

КСРО-ның құлдырауының мың себебін анықтауға болады. Олардың бастысы, Горбачев азық-түлік мәселесін уақтылы шешсе, біздің қазіргі ел, кем дегенде, мүлдем басқаша болар еді. Бұл одақтас республикаларға да қатысты. КСРО да ыдырамауы мүмкін еді. 

Жүздеген мың адам неге Манеж алаңына шықты? Горбачевтің диктаторлық қабілетінің немесе демократияның жоғынан емес, азық-түлік тапшылығынан. Дүкендер бос тұрды, азық-түлік жоқ", - дейді Ожерельев.

Горбачевтің бұрынғы көмекшісі "Кеңес Одағын жерлеуде ауыл шаруашылығы шешуші роль атқарды" деп санайды. "Шаруаларды өндірістің нарықтық түріне дер кезінде тәртіппен өткізу мүмкіндігін жіберіп алдық", - деді ол.

Экономист 1991 жылы дүкендерде азық-түлік болса, ешқандай "революция" болмас еді, дейді. 

Олег Ожерельев. © konkir.ru

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Борис Ельцин мен Михаил Горбачев КСРО-ның күйреуіне кінәлі деп мәлімдеген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети