Грекия астанасында Елбасының кітабы жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грекия астанасында Елбасының кітабы жарық көрді ©Марат Әбілов

Афиныда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "G-global: XXI ғасырдағы әлем" атты кітабы жарыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Афиныда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "G-global: XXI ғасырдағы әлем" атты кітабы жарыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 наурыз күні Қазақстанның Грекиядағы елшілігі Грекияның еуропалық сыртқы саясат және философия жоғары мектебі қорымен бірге Қазақстан Президентінің грек тіліне аударылған "G-global: XXI ғасырдағы әлем" атты кітабын таныстыруға арналған "дөңгелек үстел" өткізген. 

Шараға Грекияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері, ғылыми-зерттеушілер, бұқаралық ақпарат құралдары және философия жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Жиналғандар Қазақстанның бес қағидаға негізделген G-global бастамасымен етене танысты. Ол қағидалар: "эволюция мен саясаттағы төңкерістік өзгерістерден бас тарту", "әділеттілік, теңдік, консенсус", "ғаламдық төзімділік пен сенім", "ғаламдық ашықтық", "құрылымдық әртараптық". 

"Дөңгелек үстелге" қатысушылар кітапқа қатысты оң пікірлер айтты. Атап айтқанда, философия докторы, Крит технология университетінің профессоры Димитриос Пателис "G-global: XXI ғасырдағы әлем"-де баяндалған идеяларға қызығушылық білдіріп, Қазақстанның демократиялық жаңару қарқыны мен қарышты әлеуметтік-экономикалық дамуын атап өтті.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети