Грузия президенті маусым айының соңында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия президенті маусым айының соңында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр © jolo.ge

Грузия елшісі Зураб Абашидзе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсыра отырып, Грузия президентінің маусым айының соңында Астанаға келуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия елшісі Зураб Абашидзе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсыра отырып, Грузия президентінің маусым айының соңында Астанаға келуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Грузия президенті Георгий Маргелашвилидің 29-30 маусымда Астанаға келіп, біздің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық-мәдени қарым-қатынасымызды дамытуға өз үлесін қосатыны жайлы талқыланып жатыр", - деді Зураб Абашидзе.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Грузиямен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға басты назар аударатынын айтты.

Айта кетейік, Ақордада жеті елдің елшісі Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырды. Грамоталарды Қазақстандағы Марокко елшісі Әбделжалил Собри, Оңтүстік-Африка Республикасының елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс, Біріккен Араб Әмірлігінің елшісі Мухаммед Ахмед Султан Иса Әл-Джабер тапсырды.

Сондай-ақ, Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези, Малайзия елшісі Дато Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман, Грузия елшісі Зураб Абашидзе, Моңғолия елшісі Лувсан Баттулга Қазақстан Президентіне грамоталарды тапсырды.

Сенім грамоталарын алған Нұрсұлтан Назарбаев делегаттарды Қазақстандағы дипломатиялық қызметімен құттықтады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биыл Қазақстанның басқа елдермен халықаралық қатынастарды бастағанына 25 жыл толғанын еске салды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети