Грузия мен Әзербайжаннан 4 мыңнан аса автокөлік келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Грузия мен Әзербайжаннан 4 мыңнан аса автокөлік келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, мұндай көлік құралдары бір жылға уақытша алып келген жағдайда кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылған.
"Уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлеген соң ғана рұқсат беріледі. Жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шетел азаматтары өз көлік құралдарын әкелгеннен соң Қазақстанның аумағынан біраз уақыттан кейін кетіп қалатыны байқалды (бұлар негізінен Грузия мен Әзербайжан азаматтары)", - делінген хабарламада.
Жалпы, 2020 жылдан бастап дейін ҚР аумағына Грузия мен Әзербайжаннан 4157 автокөлік келген.
"Оның ішінде 2130 автокөлік бойынша ҚР аумағында уақытша жүрудің мерзімі өтіп кеткен. Маңғыстау және Түркістан облыстары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерімен тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлеместен ҚР аумағында тіркелген автокөлік құралдарына байланысты жеке тұлғаларға 230 хабарлама табысталды", - делінген хабарламада.
Бұл аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерімен 2021 жылдың 30 қыркүйегінен кейін шығарылған 300 автокөлік иелеріне 6,6 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынып, өндірілген.
Ведомство мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары өз мәртебесі бойынша шетелдік тауарлар болып табылады (яғни ЕАЭО тауарлары болып табылмайды) және кедендік бақылауда болады. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына уақытша 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуіне рұқсат етіледі. Ал уақытша әкелінген көлік құралды декларанттың өзі ғана басқаруға құқылы және оны біреуге тапсыруға немесе сенімхат арқылы сатуға тыйым салынады.
"Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет, алайда шығып кетпеген жағдайда ЕАЭО қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады. Шетелдік көлік құралдарының шығарылуы Еуразиялық экономикалық одақтың аумағынан тыс жүзеге асырылуы қажет шетелдік көлік құралдарды шығару туралы міндеттеме ЕАЭО елдерінің аумағының барлығына қолданылады. Шетелдік азаматтар көлік құралдарын шығаруға өзінің мүмкіндігі болмаған жағдайда тасымалдаушының көмегімен шығаруына болады, сонымен қатар шетелдік азаматтар көлік құралдарын шығаруға және тұратын мемлекетіне қайту үшін мемлекеттік шекарадан өтуіне болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін, коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) алдын алуға және таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдауға байланысты қалыптасқан жағдайда уақытша әкелу мерзімін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін (кеден органының рұқсатынсыз және кедендік декларациясыз) ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!