31 желтоқсан 2014 | 14:21

Гуантанамо түрмесінде жаза өтеген адамдар Қазақстанға пана іздеп келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ ғимараты. ©Даниал Оқасов ҚР СІМ ғимараты. ©Даниал Оқасов

Гуантанамоның бұрынғы тұтқындары Қазақстанға пана іздеп келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктеріне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Гуантанамоның бұрынғы тұтқындары Қазақстанға пана іздеп келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктеріне сілтеме жасап. 

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 31 желтоқсаны күні Қазақстанға пана іздеген бес адам келді. Мұның алдында АҚШ үкіметі оларды жасаған қылмыстары бойынша айып тағуға дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты Гуантанамо базасынан босатқан. 

"Қазақстан Республикасы жеке өтініштері және БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының тиісті сұранымы негізінде және халықаралық міндеттемелерге, соның ішінде, 1951 жылы қабылданған Босқындар туралы конвенцияға сәйкес, сонымен бірге гуманистік тұрғыдан аталған адамдарды қабылдауға келісті", - делінген баспасөз парағында. 

Бұл адамдарға пана іздеушілер деген мәртебе берілген. Оларды босқындар деп тану туралы шешім қабылданған жоқ және ол мәселені ҚР Ішкі істер министрлігі қарастыратын болады. Аталған азаматтардың Қазақстан аумағына келуімен және бұдан кейінгі тұруымен байланысты шығындар халықаралық құқық қорғау ұйымдары қаражаты есебінен өтеледі. 

Бұған дейін ақпарат құралдары Пентагонға сілтеме жасай отырып, Американың Гуантанамо түрмесінде 11 жылдан артық уақыт жаза өтеген бес адамның Қазақстанға жіберілгенін хабарлаған еді. Қазақстанға Йеменнің үш азаматы (Асим Табит Абдулла әл-Халаки, Мұхаммед Әли Хусайн Ханаян, Сабри Мұхаммад Ибрахим әл-Кураши) және Тунистің екі азаматы (Адел әл-Накиими мен Абдулла Бин Әли әл-Люфти) ауыстырылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети