31 желтоқсан 2014 | 12:56

Гуантанамо түрмесіндегі бес адам Қазақстанға ауыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Американың Гуантанамо түрмесінде 11 жылдан астам уақыт отырған бес адам Қазақстанға ауыстырылды, - деп хабарлайды AFP Пентагонға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Американың Гуантанамо түрмесінде 11 жылдан астам уақыт отырған бес адам Қазақстанға ауыстырылды, - деп хабарлайды AFP Пентагонға сілтеме жасап.

Гуантанамо түрмесі Кубадағы шығанақта, АҚШ ұзақ уақытқа жалға алған әскери-теңіз базасында орналасқан. Қазақстанға Йеменнің үш азаматы (Асим Табит Абдулла әл-Халаки, Мұхаммед Әли Хусайн Ханаян, Сабри Мұхаммад Ибрахим әл-Кураши) және Тунистің екі азаматы (Адел әл-Накиими мен Абдулла Бин Әли әл-Люфти) ауыстырылды. 

Агенттіктің мәліметінше, бес сотталушының жеке мәліметтерін бірнеше үкіметтік құрылым мұқият тексергеннен кейін жер аудару туралы шешім бірауыздан қабылданды. Енді Гуантанамода жазасын өтеушілердің қатары 127 адамға дейін азайды. 

Еске сала кетейік, 20 желтоқсан күні АҚШ президенті Барак Обама Конгресті Кубадағы түрмені жабуға кезекті рет шақырған болатын. Обаманың пікірінше, Гуантанамо түрмесінің жұмысы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Осылайша, бұл түрмедегі адамдар өзге елдерге біртіндеп таратылмақшы.

Гуантанамо әскери түрмесінде терроризмге қатысы бар адамдар жаза өтейді. Барак Обама 2009 жылдың 22 қаңтарында, қызметке кіріскеннен екі күннен кейін бұл түрмені жабу туралы өкімге қол қойған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети