Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде өткен First Heartland Jusan Bank Акционерлік Қоғамы Директорлар кеңесінің отырысында, 3 сәуірден бастап Гүлмира Джумадиллаеваны Jusan Bank Басқарма Төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады.
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде өткен First Heartland Jusan Bank Акционерлік Қоғамы Директорлар кеңесінің отырысында, 3 сәуірден бастап Гүлмира Джумадиллаеваны Jusan Bank Басқарма Төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Г. Джумадиллаеваның Jusan Bank Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалуына келісім берген.
Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы Ғалымжан Есенов Банк басшысын жаңа қызметімен құттықтады.
"Мен Гүлмира Жәнібекқызын Jusan отбасында көргеніме қуаныштымын. Ол өз ісінің нағыз маманы, оның кәсіби тәжірибесі ауқымды және табысты банктік бизнесті құруға көмектесуді қамтиды. Енді оның басшылығымен Jusan Bank командасы Банктің бәсекеге қабілеттілігін, табыстылығын және тұрақтылығын нығайтуға бағытталған жаңартылған стратегияны жүзеге асыруға кіріседі. Жаңа CEO мен бүкіл Jusan командасына Банк алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік тілеймін", - деп түсіндірді Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы Ғалымжан Есенов кадрлық шешімге қатысты.
Г.Джумадиллаева Алма-Ата халық шаруашылығы институтын "Экономист" мамандығы бойынша бітірген. Оның банк саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 20 жылдай басшылық қызметтерде болған.