Гүлмира Сатыбалды камерадан шығудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлмира Сатыбалды камерадан шығудан бас тартты

Судья сотталушы бұл процеске қатысуға мүмкіндігі болса да, камерадан шығудан бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Судья сотталушы бұл процеске қатысуға мүмкіндігі болса да, камерадан шығудан бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот отырысы барысында судья Мартпек Кәкімжанов сотталушы денсаулық жағдайына байланысты, отырысқа онлайн қатыса алмайтынын, камерадан шығудан бас тартқанын хабарлады. Ол процеске қатысушылардан жарыссөзді айыпталушысыз жалғастыруға қатысты пікірін сұрады.

Жәбірленушінің адвокаты сотталушының жоғына қарамастан отырысты жалғастыру керегін айтты, өйткені процеске қатыспау оның құқығы. Өз кезегінде сотталушылардың адвокаттары процесті кейінге қалдыруды сұрады.

"Біз тергеу изоляторына өз бетінше бару және оның нақты жағдайын білу үшін билет алдық. Мен өзімнің қорғаушымның қатысқанын қалаймын, біз жарыссөзге дайындалдық, қорғаныс ұстанымын талқыладық және дәл осылай ол қатысудан бас тартпас еді. Соттан қорғаушыға сөз сөйлеуге мүмкіндік беруін сұраймыз" - деді Сатыбалды адвокаты Әсемгүл Даниалова.

Судья өзінің процесс туралы шешімінде қылмыстық іс жүргізу кодексінің 335-бабын басшылыққа алатынын атап өтті, онда егер қамауда отырған сотталушы отырысқа қатысуға келмеген болса, іс бойынша талқылауға сотталушы болмаған жағдайда жол берілуі мүмкін.

"Менде екі құжат бар. Біріншісі - инспекторлар сотталушыға камераға келіп, сотқа барыңыз деді, ол: "мен камерадан шықпаймын", - деп жауап берді. Бұл туралы Акт жасалды. Екінші акт - сотталушының денсаулығына байланысты процеске қатыса алатынын айтқан терапевттің тексеруі. Сондықтан сот жарыссөзді сотталушысыз өткізу туралы шешім қабылдайды", - деді судья өз шешімі туралы.

Еске салайық, бұған дейін Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша жарыссөз кейінге қалдырылған болатын, себебі оның айтуынша, сотталушы аллергияның өршуіне байланысты ауырып, медициналық көмекке мұқтаж.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети