Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу: деректер айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу: деректер айтылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеуге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеуге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров брифингте айтқан мәлімет бойынша, Сатыбалдыұлы мен басқа да тұлғаларға бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша айып тағылып отыр.

"Агенттік күдікті Сатыбалда Гүлмираға және басқа да тұлғаларға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі көлемде бопсалау, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық деректері бойынша соталды тергеуді аяқтады. Алматының тергеу соты Сатыбалда Гүлмираға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деді Биғайдаров.

Антикор ресми өкілінің айтуынша, қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды жалғастырып жатыр, содан кейін оны сотқа жіберу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети