11 шілде 2014 | 12:36

"Гульнар Тур" компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Гульнар тур" компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасы сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Гульнар тур" компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасы сілтеме жасап.

"Бостандық аудандық прокуратурасы "Гульнар Тур" ТК ЖШС қызметін тұтынушы азаматтардың құқықтарын дер кезінде қалпына келтіру мақсатымен аталған серіктестіктің жауапты тұлғаларының заңға қайшы әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған жұмыс жүргізід. Соның нәтижесінде 2014 жылдың 9 шілдесі күні Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы Багиров және басқа да азаматтардың (барлық 28 жәбірленушінің бастапқы куәлік етулері) арызы бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Туристік компанияның әрекетінен келген алдын ала шығын көлемі 6 млн теңгеге жуықтайды. Бұл қылмысты тергеу барысын прокуратура органдары қатаң қадағалауға алған. 

Еске сала кетейік, жаздың басынан бері "Гульнар Тур" операторының жүздеген клиенті Түркиядан өз уақытында елге келе алмай қалған еді. Тағы сонша турист елден демалысқа дер кезінде ұша алмай қалды. Азаматтық авиация комитетінің мамандары "Гульнар Тур" рейстерін орындаған Jet Airlines әуе компаниясы ұшақтарының пайдалану рұқсаттары мерзімінің 30 маусымға дейін ғана жарамды екенін айтты, мәселе сол себепті туындаған. Жуырда Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы "Гульнар Тур" фирмасына наразылық білдірді. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі туристік компанияның лицензиясын тартып алуға өтініш білдіретінін хабарлады. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, шетелде жолы болмай қалып қойған туристердің бәрі 12 шілдеге дейін елге әкелінеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети