16 қыркүйек 2014 | 20:17

"Гүлнәр турдан" 12 мың отбасы шығынын өтеуді талап етіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews © иллюстрациясы Тengrinews © иллюстрациясы

12 мың отбасы "Гүлнәр тур" компаниясы келтірген материалдық шығындарын өтеуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық лигасының президенті Светлана Романовскаяға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

12 мың отбасы "Гүлнәр тур" компаниясы келтірген материалдық шығындарын өтеуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық лигасының президенті Светлана Романовскаяға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"Арамза кәсіпкерлердің ("Гүлнәр тур" - авт.) салдарынан, айналып келгенде 12 мыңнан астам отбасы зардап шекті. Біз арыз-шағымдарды қарастырып отырып, шығын кем дегенде 600 мың теңгені құрайтындығын көрдік (бір отбасына келтірілген материалдық шығын - авт.)" - деді ол Астанадағы баспасөз мәслихатында.

Романовская "Гүлнар тур" өзінің туристер алдындағы жауапкершілігін сақтандыруы тиіс еді дейді. "Олардың атында бір де бір жылжымайтын мүлік тіркелмеген. Сонын салдарынан арыз бойынша сотта жеңіп шықсақта, бәрібір тұтынушыларға ешнәрсе өтетіп бере алмаймыз. Әрине, оның құрылтайшыларына қазір іздеу жарияланған. Мен бұл іс ұзаққа созылады деп ойлаймын" - дейді ол.

Осы жазда Қазақстанда "Гүлнәр тур" туристік операторы маңайында үлкен дау-дамай туындаған. Аталған компанияның жүздеген тұтынушысы Түркиядан Қазақстанға және кері бағытқа да ұша алмай қалған еді. Алдында осы туристік компания жетекшілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Ал тамыздың соңында "Гүлнәр тур" лицензиясынан айырылды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети