26 қазан 2016 17:56

Гүлшара Әбдіқалықова Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kaztrk.kz © kaztrk.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар барысында Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Сергей Кулагин, ҚХА төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі ЕралыТоғжанов, ҚХА және өңірлік Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері және облыс жұртшылығы қатысты.

Мемлекеттік хатшы Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз ширек ғасырда демократиялық мемлекет құруда ғаламат ауқымды істер атқарып, әлемдегі ең озық 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін алдына зор міндет қойғанын атап өтті. Республикада азаматтық қағидатына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға қажетті алғышарттар жасалған.   

Гүлшара Әбдіқалықова қоғамдық пікір қауымдастығында 100-ден астам көшбасшының басын қосып отырған Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын атап өтті. Бүгінде 40-тан астам этномәдени бірлестік "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыруға үлес қосуда.

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети