Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Гүлшара Әбдіқалықова пандемия қиындығына қарамастан бірнеше салаларда өсім бар екенін атап өтті.
"Мемлекет басшысы қабылдаған шешімдердің арқасында жағымсыз салдарды азайтып, экономиканың даму қарқынын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамиканы қамтамасыз ете алдық. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 5 айында өндеу өнеркәсібіндегі өндіріс 12,8%, ауыл шаруашылығында - 2,5% өсті. Жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік саны 7,3% өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 62,5% өсті. 198 мың шаршы метрден астам тұрғын салынды. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29% артық", -деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Облыста жалға берілетін 945 пәтерлік 54, оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 үйдің құрылысы салынуда. Биыл облыс бойынша әлеуметтік осал топтарға арналған тағы 342 пәтер мемлекеттік бюджет есебінен жекеменшік иелерінен сатып алынады.
Брифингте облыс әкімі өнім өндеу өнеркәсібінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Биыл Шалқия кен орнында тау-кен байыту фабрикасыының және кальцийленген сода зауытының құрылысын бастау жоспарланды. Екі нысан арқылы өңірде 2239 адам жұмыс көзін табады. Ал, индустрияландырудың үшінші бесжылдығы аясында құны 543 миллиард теңгеден асатын 41 инвестициялық жоба жүзеге асты. Шамамен бұл 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Брифингте өңірдің негізгі мәселесінің бірі - су деңгейінің тартылуына байланысты суды тиімді пайдаланудың жолдары айтылды.
"Қазір біз Сырдария бойындағы жыл сайынғы су жіберуді қамтамасыз етуге баса назар аударып отырмыз. Су тапшылығы мәселесін шешу үшін Үкімет Қырғызстанмен, Тәжікстанмен және Өзбекстанмен келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар, біз ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егінді әртараптандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін түсінеміз. Сондықтан, ылғалды қажет ететін дақылдардың, атап айтқанда күріштің егіс алқаптарын төмендету бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл ретте ылғал аз қажет ететін дақылдар – соя, жүгері, майлы және жем-шөп дақылдарының егістігін ұлғайтып
жатырмыз, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, суды үнемдеу технологияларын енгізу бойынша шаралар қабылдануда", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Алдағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 58 млрд теңгелік 76 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның 42-сі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Биыл соның 8,7 млрд теңгелік 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жыл басынан бері егін шаруашылығында - 4, бал арасын өсіру - 2, мал шаруашылығында 2 жоба жүзеге асты.
Аймақта жұмыссыздық деңгейі 4,9% көрсеткішінде. Мемелекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында жыл басынан бері 13,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 4000-нан астамы тұрақты жұмыс орны. Ал, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жыл басынан бері 468 мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды.
Өткен жылы қабылданған 2023 жылға дейінгі экономикалық даму карта аясында кәсіпкерлікке 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 400 жоба ұсынылған. 2020 жылы 7 млрд.теңгені құрайтын 89 жоба іске асып, 1047 жұмыс орны құрылған. Биыл 14 млрд.теңгені құрайтын 96 жоба іске асырылып, нәтижесінде 900 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, Карта шеңберінде 16 тойхана қызметін өзге бағытқа ауыстырған.
Сыр елінде облыс тұрғындарының 97%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 65%-ы табиғи газ пайдаланады. Жыл соңына дейін халықтың газ қолдану деңгейі 67,4% дейін артады. Сондай-ақ, су, кәріз желілерін қайта жаңғырту және салу бойынша жалпы құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын жоба іске асады. Мұнан бөлек, 400 шақырым автомобиль жолдарын, көпір өткелдері мен көшелерді жөндеуге және салуға 17 миллиардтан астам теңге бөлінген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!