Гүлшара Әбдіқалықова премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды

20 Тамыз, 11:13
0
Гүлшара Әбдіқалықова премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Гүлшара Әбдіқалықова премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлықта.

Айта кетейік, таяуда Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұрлан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз  Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданған еді.

Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап вице-премьер қызметін атқарған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай