16 тамыз 2019 19:02

Гүлшара Әбдіқалықова мен Нұрлан Әлімжан мәжіліс депутаты болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлшара Әбдіқалықова мен Нұрлан Әлімжанов Гүлшара Әбдіқалықова мен Нұрлан Әлімжанов

Nur Otan өкілдері Мәжілістің жаңа депутаттарының есімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Nur Otan өкілдері Мәжілістің жаңа депутаттарының есімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Г.Н.Әбдіқалықоваға, Н.Б.Әлімжановқа, Н.К.Әшімбетовке және Ж.Қ.Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап вице-премьер қызметін атқарған.

Нұрлан Әлімжанов "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған. 

Нұржан Әшімбетов 2018 жылдың тамыз айынан бастап әкім қызметін атқарған.

2019 жылы 10 сәуірде Жұлдыз Омарбекова Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған.

Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

Мәжілісмендердің басқа өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін өзге де қызметтерді атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Бұл ережені бұзу депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети