"Хабар 24" журналисінің оқиғасы: күзет агенттігі лицензиясынан айырылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хабар 24" журналисінің оқиғасы: күзет агенттігі лицензиясынан айырылды © Ақбөпе Тәңірберген/Facebook

Алматыдағы әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған "Хабар 24" журналисінің оқиғасынан кейін Күзет агенттігі лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған "Хабар 24" журналисінің оқиғасынан кейін Күзет агенттігі лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясының баспасөз қызметі Алатау ауданы әкімдігін күзетумен айналысатын кәсіпорын күзет қызметі лицензиясынан айырылғаны туралы ақпаратты растады.

"Бастығын полицияға шақырып, қызмет ету лицензиясынан айырды", - деп түсіндірді Полиция департаментіндегілер.

Бұған дейін Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Алена Горбачева бұл жағдай туралы телеарна арызын адвокаттар дайындағанын және жақын арада полицияға жіберілетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, "Хабар 24" журналисі Алматыда әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосын тілші Facebook-парақшасында жариялады. Бұл жағдай бүкіл БАҚ өкілдері мен ел назарын аудартты. Кейінірек Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі жағдайға түсінік берді.

Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева оқиғаға қатысты Facebook-парақшасында жазба жариялады. Ол Алатау облысы әкімдігіндегі күзет қызметкерінің әрекеті заңсыз екенін жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети