21 маусым 2020 | 15:06

"Хабарласпаңыздар". Бас санитар дәрігер ақтөбеліктерге өтініш жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева өңір тұрғындарына жедел жәрдем қызметіне жиі телефон соқпауды өтініп сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева өңір тұрғындарына жедел жәрдем қызметіне жиі телефон соқпауды өтініп сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, суық тиіп, оның белгілері байқалса, жедел жәрдем қызметіне жиі телефон соғудың қажеті жоқ. 

"Бүгін маған 2 274 адам хабарласқаны туралы есеп берілді. Бұл бір мезетте көп адамның хабарласқанын көрсетеді. Әрине, жартысы хабарласа алмайды. Тіпті, маған WhatsApp желісіне жазған деректер де болды. Мен нөмірді беремін, ол жерге жедел жәрдем қызметі барады. Қазіргі таңда "103" қызметінің 27 көлігі жұмыс істеп жатыр. Сонша емхана көлігі бар. Қоңырау соғушылардың саны көп", - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменінің басшысы.

Нұрсұлу Беркімбаева ақтөбеліктерге өтініш жасады.

"Халыққа айтқым келеді. Қазіргі таңда қорқыныш пайда болды. Егер дене температурасы 37-37,2 градусқа көтерілсе, маған жазатындар бар. Егер аурудың анық симптомы (коронавирус немесе пневмония - автор) байқалмаса, байбалам салудың, учаскелік дәрігерге, "103" жедел жәрдем қызметіне хабарласудың қажеті жоқ", - дейді облыстық бас санитар дәрігер.

Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметіне жиі телефон соғу линия жұмысына кедергі келдіреді.

"Егер барлығы жедел жәрдем қызметін хабарласса... Линияға артық салмақ түседі. Мен сіздерден өтініп сұраймын, мұндай себеп бойынша хабарласпаңыздар", - дейді басшы.

Осыған дейін Ақтөбе облысында карантин талабы қайта күшеюі мүмкін екені хабарланған еді.

Айта кетейік, аталған өңірде 610 адам коронавирус жұқтырған. 314 науқас дертінен айықты, 1 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети