09 ақпан 2021 | 17:22

"Хабарласу мүмкін емес". БҚО әкімі өңірдегі медицина мекемелерінің жұмысын сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі медицина мекемелері тұрғындарға телефон арқылы қажетті кеңес бермейтінін мәлімдеді. Бұған инспекторлық тексерулер нәтижесі дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі медицина мекемелері тұрғындарға телефон арқылы қажетті кеңес бермейтінін мәлімдеді. Бұған инспекторлық тексерулер нәтижесі дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел штаб отырысында Ғали Есқалиев емхана мен ауруханалар call-орталығының жұмысына көптеген шағым түскенін атап өтті.

"Аурухана немесе stopvovid.kz сайтында көрсетілген телефонға қоңырау шалса ешкім жауап бермейді немесе автожауапбергіш қосылады. Адамдар кеңес алу үшін қоңырау шала алмайды. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына хабарласқандарды емханаға жіберді, көпбейінді ауруханада ешкім телефон тұтқасын көтермейді. Қалалық операторлар жұмыс орнында жоқ. Неге қызметкерлер телефонға жауап берейді? Бұл тәртіпсіздік", - деді Ғали Есқалиев.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Арман Қалибеков емхана қызметкерлері жұмыс уақытында телефонға жауап беретінін, ал call-орталық жеделштаб шешімімен "109" қызметіне өткізілгенін хабарлады.

"Тұрғындарға уақытында кеңес беруге жауапты қызметкер тағайындаңыз. Сонымен қатар, медициналық мекемелердің басшыларын жазалаңыз", - деп талап етті БҚО әкімі.

Айта кетейік, қазір өңір коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "сары" аймақта. Облыстағы 500-ден аса дәрігер COVID-19-ға қарсы вакцинацияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети