Халық банк басшысының ұлы Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып Сәкен Шаяхметов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып Сәкен Шаяхметов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 1990 жылы 2 мамырда Алматы қаласында өмірге келген. АҚШ-тың Техас университетінде (The University of Texas) "Мұнай-газ ісі" және "Экономика" мамандықтары бойынша тәмамдаған. МВА дәрежесін Қытай-Европа халықаралық бизнес мектебінде (China Europe International Business School) алған, сондай-ақ, құқық пен дипломатия саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі (The Fletcher School of Law and Diplomacy, Tufts University). 

Оқу кезінде жыл сайын Chevron (АҚШ), J.P. Morgan (Ұлыбритания), Citibank (Алматы), World Bank (АҚШ) сынды компанияларда арнайы ақылы тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2011 жылы Атырау облысындағы "Болашақ" зауытында механиктің көмекшісі болып бастады. 2012-2014 жылдар аралығында Caspi Meruerty Operating Company B.V. компаниясында экономист болып қызмет етті. Кейін, 2017 жылға дейін магистратура бойынша білім алды. 

2017 жылы мемлекеттік қызметке түсті. 2017-2018 жылдар аралығында Шаяхметов ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, ал 2018 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Сәкен Шаяхметов Президенттік жастар кадрлық резервінің үздік үштігіне енді.

Шаяхметов инвестициялар, кәсіпкерлікті және арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелерімен айналысады.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Сәкен Шаяхметов - Халық банк басқарма басшысы Үміт Шаяхметованың ұлы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro