Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін зейнетақы жинағын алудың шекті деңгейін көтеру туралы шешім жыл басында қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін зейнетақы жинағын алудың шекті деңгейін көтеру туралы шешім жыл басында қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біріншіден, Үкімет үнсіз қалған жоқ. Екіншіден, бұл шешім 2021 жылдың 6 қаңтарында қабылданды. Ел оны жақсы біледі. Биыл жыл аяғына дейін 606 мыңнан аса адам берілген мүмкіндікті пайдаланып, тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін 2,2 триллион теңгені қайтарып алды. Жоспар бойынша 400-500 мың адам оны келесі жылдың 1 сәуіріне дейін пайдалануға мүмкіндік алады деп ойлаймыз.
БЖЗҚ-да жинақталған ақша – болашақ зейнетақы. Бұл ақша зейнетке шыққаннан кейінгі өмірді қамтамасыз етуге арналған. Оны есте сақтау керек", - деді Тоғжанов Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.
Тоғжанов кейбір сарапшылардың азаматтардың зейнетақы жинақтарын алу экономиканың құлдырауына алып келеді деген пікірін жоққа шығарды.
"Экономика бұдан құлдырамайды. Бірақ зейнетақы қорында жинақталған әрбір тиын - зейнетке шыққан азаматтардың болашақта өмірін қамтамасыз етуге бағытталған ақша. Екіншіден, бұл - әрбір азаматқа зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану мүмкіндігі. Болашақта осы қорға жиналған ақша көлемі орташа ең төменгі шектен төмен түспеуі үшін ойлану қажет. Өзінің болашағы туралы ойлайтын әрбір азамат бұл мәселені де ескеруі тиіс. Азаматтар мұқтаж болған қиын жағдайда пайдалануы тиіс деп есептейміз", - деді Ералы Тоғжанов.
Ол азаматтарға 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін мүмкіндігін қайта қарастыруды ұсынды, өйткені болашақта олардың зейнетақы шотындағы ақша жеткіліксіз болуы мүмкін.
Журналистер Тоғжановтан халыққа жеткілікті шек деңгейін екі есе арттыру туралы ақпарат неге жыл аяғында ғана белгілі болғанын түсіндіруді сұрады.
"Егер бұл жыл аяғында айтылса, 606 мың адам оны пайдаланбаған болар еді", - деп жауап берді Тоғжанов.
Айта кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жеткілікті деңгейі айтарлықтай өсетіні хабарланған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басқарма төрағасы Жанат Құрманов 2022 жылы 582 мың қазақстандық жеткілікті шек деңгейі көтергеннен кейін зейнетақы қаражатының бір бөлігін баспанаға және емделуге ала алатынын айтқан болатын.
9 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жеткілікті шек деңгейін көтеру мәселесін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!