27 ақпан 2019 | 12:53

Халық нәтижені көрмей жатыр - Назарбаев әкімдерге ескерту жасады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото: Тұрар Қазанғапов © фото: Тұрар Қазанғапов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерді халыққа жақын болуға шақырды, бірақ олар популизмнен алыс болу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерді халыққа жақын болуға шақырды, бірақ олар популизмнен алыс болу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде аймақтардың дамуының айырмашылығы көрініп тұр. Неліктен бір облыстарда жолдың сапасы басқа облыстардан жақсы? Неліктен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бір жерлерде тұрақты жұмыс істейді, ал кейбірі тұрақсыз? Осыған орай кейбір әкімдер шынымен жұмыс істеп, халықтың мәселелерін шешеді, басқалары олармен сөйлесуден қашып, адамдардың талап-тілектеріне құлақ аспайды. Әкімдерге халыққа жақын болу керек және олардың хал-ахуалын жақсартуы тиіс", - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

Президент әкімдердің жыл сайын халықтың алдында беретін есебі жайлы сөз қозғады. 

"Әкім халық алдында жылына бір рет есеп береді, бұл көзге көрінуі үшін істеліп жатқандай. Әкім бір жылдың ішінде түрлі адамдармен кездесуі керек, ол бір жыл күтпеуі қажет. Осы мәселені дұрыстайық. Бізде әртүрлі жобалар жасалды, қаражат та бөлініп жатыр. Бірақ халық оның нәтижесін көрер емес. Оларға жағдайды ешкім түсіндірмейді. Бұл дұрыс емес", - деді Президент.

Ол барлық әкім мен үкіметтегілерге әлеуметтік сұрақтарды популизмсіз ретімен шешуді тапсырды.

"Бізге әр аймақ стратегиялық тұрғыдан маңызды. Барлық аймақты жаңа стандарттағы өмірлік деңгейге жеткізуіміз керек", - деді Президент. 

Мемлекет басшысы тапсырма беріп әлемдегі түйінді трендтерді зерттеу үшін және Қазақстандағы жағдайға талдау жасау үшін жаңа бағдарлама жасалғанын айтты. Ол жақта жазылған мақсаттар мен жобаларда алдағы уақытта үш жыл және болашақта 10 жылға арналған мемлекеттің әлеуметтік саясатының іргетасы жайлы айтылған.

"Бізде үкімет мүшелері ауысты. Олардың 70 пайызы жаңарды. Облыстар жайлы жаңа үкімет мүшелеріне сұрақтар туындап жатыр. Әкімдерге айтылған тапсырмаларды іске асыру керек. Айтылған мәселелерді барлығымыз бір ауыздан шешуіміз қажет. Бұл оңай жұмыс емес. Бірақ бұл тапсырмалар облыс, қала, ауыл аймақтарға арналған. Күшімізді біріктіріп тапсырманы орындауға кіріссек, бізде қиындықтар болмайды. Әкімдер осыдан басқа қандай істермен айналысуы керек?", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети