Халық саны 30 есеге артты: Қосшының бас жоспары жобасы ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

"Ашық НҚА" порталында Қосшы бас жоспарының жобасы жарияланды. Онда қаланың алдағы 14 жылда қалай дамитыны туралы болжам берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Ашық НҚА" порталында Қосшы бас жоспарының жобасы жарияланды. Онда қаланың алдағы 14 жылда қалай дамитыны туралы болжам берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада тұрғын үй жылжымайтын мүліктің жалпы ауданын қазіргі 1285 мың шаршы метрден 4500 мыңға дейін 3,5 есеге ұлғайту жоспарланған. Бұл жоспарлар, құжат авторларының есептеулеріне сәйкес, 2023 жылдан 2038 жылға дейін қала халқы үш есеге арту ықтимал дегенге байланысты құрылған.

"Соңғы 24 жылда елді мекендегі халық саны 29,7 есеге артты. Осыған байланысты жобаланатын қала халқының болжамды санын анықтау кезінде халық санын геометриялық ұлғайту әдісі қабылданды. Бұл әдіс халықтың өсу қарқыны қазіргі уақытта халық санына пропорционалды жас және дамушы қалалар үшін қолданылады (яғни dP/dt ∝ P). Сондықтан халықтың пайыздық өсімі тұрақты болады деп болжанған. 2023 жылғы 1 қаңтарда қала тұрғындарының саны 51 664 мың адам болды, бірінші кезекте 107,00 мың адамды, есепті мерзімде (2038 жыл) 150,00 мың адам болады", - делінген құжатта.

Бас жоспар авторларының айтуынша, Қосшы:

  • дамыған қала, Астанаға контрмагнит (аймақ тұрғындарын тарту орталығы);
  • Астана маңындағы азық-түлік аймағы орталықтарының бірі (ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу);
  • елордалық логистикалық желіге біріктірілген өңірдің көлік-логистикалық орталықтарының біріне айналуы керек.

Бас жоспар жобасы 17 шілдеге дейін талқыланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro