04 наурыз 2023 | 10:39

Халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасының өсімін болжайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі "BBB-/А-3" деңгейінде Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін растап, болжамды "негативтен" "тұрақтыға" жақсартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі "BBB-/А-3" деңгейінде Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін растап, болжамды "негативтен" "тұрақтыға" жақсартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар - ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы теңгерімдері. Бұл ретте өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді.

S&P өз есебінде елдің фискалдық және сыртқы теңгерімдері тұрақты болып қала беретінін және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысындағы уақытша іркілістерге байланысты мұнай экспортының төмендеуінен туындайтын ықтимал әсерді жеңілдету үшін жеткілікті болатынын атап көрсеткен.

Сондай-ақ сарапшылар ҚР Үкіметі жүргізіп жатқан тиімді макроэкономикалық саясатты атап өтті. Нақтылай айтқанда, Үкіметтің макроэкономикалық саясаты инвестициялық бағдарламалар арқылы экономиканы әртараптандыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, мемлекеттің қатысуын қысқартуға, бәсекелестікті дамытуға, салық саясатын жетілдіруге, мемлекеттік сатып алу саласын реформалауға, сондай-ақ бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.

Агенттік сарапшыларының пікірінше, мұнай емес сектордағы тұрақты өсім шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралармен де қолдау табады.

Жалпы, S&P Қазақстан экономикасының 2023 жылы 4,1 пайыз және 2023-2026 жылдары орта есеппен 4 пайыз өсуін болжайды.

ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде дербес рейтингті сақтау бойынша қарқынды жұмысты жалғастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети