21 қараша 2023 14:36

Халықаралық валюта қоры Қазақстанда БЖЗҚ қаражатын пайдалану бастамасын бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражатын пайдалану бастамасына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражатын пайдалану бастамасына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада өткен ХВҚ баспасөз мәслихатында журналистер ұйымның БЖЗҚ қаражатын инфрақұрылымдық жобаларға пайдалану туралы не ойлайтынын сұрады.

"Зейнетақы қорына және оның инфрақұрылымға инвестициясына қатысты бұл шешімді білеміз. Біз инфрақұрылымды бюджет есебінен қаржыландырған дұрыс деп санаймыз. Бұл ең жақсы тәсілі деп есептемейміз - зейнетақы қоры есебінен қаржыландыру", - деп жауап берді Қазақстандағы ХВҚ миссиясының басшысы Николя Бланше.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында биыл және келесі жылы қазақстандықтардың жинақталған зейнетақы қаражатын инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға жұмсағысы келетіні туралы ақпарат пайда болған. Жалпы сома 1,5 триллион теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети