30 қыркүйек 2024 | 12:42

Халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматы Грузиядан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Есірткі сақтағаны үшін күдікке ілінген ер адам Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Есірткі сақтағаны үшін күдікке ілінген ер адам Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"2023 жылғы маусымда жол полициясы қызметкерлері Астанада жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті басқарған автокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 "мефедрон" байламдары табылған.

"Соталды тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. Биылғы қаңтарда күдікті Грузия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Қылмыс үшін 3 жылдан 7жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети