"Халықтың бір бөлігі жалаңаяқ жүруі керек": Есеп комитеті басшысы кедендік тексеріс нәтижесін айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Халықтың бір бөлігі жалаңаяқ жүруі керек": Есеп комитеті басшысы кедендік тексеріс нәтижесін айтты Фото:elements.envato.com

Есеп комитеті өкілі Қазақстанға аяқ киім әкелу бойынша деректерде сәйкес келмейтін тұстары барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есеп комитеті өкілі Қазақстанға аяқ киім әкелу бойынша деректерде сәйкес келмейтін тұстары барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова Мәжіліс отырысында кедендік әкімшілендіру саласындағы аудиттің қорытындысы бойынша Қазақстанға әкелінетін аяқ киім туралы деректерде сәйкессіздік анықталғанын айтты.

"Халықтың бір бөлігі жалаңаяқ жүруі керек деген қорытындыға келдік. Ешкім жалаң аяқ жүрмейді, қыста, жазда, күзде бәрі аяқ киіммен жүреді, бәрінде бірнеше жұп аяқ киім бар. Ал аяқ киім - арзан өнім. Қымбат өнеркәсіп жабдықтары, сандық жабдықтар және т.б. туралы айтсақ ше?" - деді Есеп комитетінің басшысы.

Сонымен қатар, Наталья Годунова 2021 жылы заңбұзушылықтар 27 пайызға, 413 миллиард теңгеге азайғанын айтты. 2020 жылы 570 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық тіркелген болатын.

Оның айтуынша, елімізде банкроттық және оңалту рәсімдері аясында берешекті өндіру жұмыстары нашар жүргізіліп жатыр. Екі триллион кредиторлық берешек сомасының 1 пайыздан да аз бөлігі өтелген.

"Шамасы, негізгі бөлігі есептен шығарылады", - деп қосты Годунова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети