Халықтың табысы артпаса, Үкіметтің шамасы келмей отыр деген сөз - Назарбаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Халықтың табысы артпаса, Үкіметтің шамасы келмей отыр деген сөз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Халықтың табысы артпаса, Үкіметтің шамасы келмей отыр деген сөз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Күн тәртібіне сәйкес жиында еліміздегі құрылымдық және институционалдық реформалардың жүзеге асырылу барысы және Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалы талқыланды.

Отырысты ашқан Мемлекет басшысы 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысының салдарына қарамастан, экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін іске асырылған шараларға назар аударды.

"Әлемдік қаржы дағдарысы басталған сәттен бері 10 жыл өтті. Жағдай өзгерді. Дағдарыстан шығу үшін біз арнайы бағдарламалар әзірледік, жол картасын қабылдадық, жұмыстан босап қалған адамдарға қол ұшын создық. Көптеген шаралар жүзеге асырылды. Біз шетелден инвестиция тарттық және  өз қаржымызды да пайдаландық. Сол арқылы ұлттық экономикамызды құлдыратпай дағдарыстан шығуға мүмкіндік алдық", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық үрдістер мен қалыптасқан геосаяси ахуалды ескере отырып, дамудың жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажеттігін айтты. 

"Президент Әкімшілігі мен Үкімет одан әрі дамуымыздың жолдарын іздестіруі керек. Біз болашақта тиісті шаралар қабылдау үшін болжам жасауымыз қажет. Біздің алдағы іс-әркеттеріміз жөнінде айқын ұстанымымыз болуға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.  


© akorda.kz

Қазақстан Президенті қазіргі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігіне тоқталып, олардың уақтылы және сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп секторын одан әрі дамыту және қайта өңдеу саласына инвестиция тарту  үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Елбасы мемлекеттік органдардың қызметі ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс екенін айтты.

"Біздің бүкіл жұмысымыз халықтың табысын арттыруды көздейді. Егер олай болмаса, онда Үкіметтің шамасы келмей отыр деген сөз", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев халықты жұмыспен қамту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау, жастарға кәсіби білім беріп, жұмысқа орналастыру мәселелеріне тоқталды.   

Жиын барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, Бас прокурор Қайрат Қожамжаров және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

Басқосу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Үкіметке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді және олардың орындалуын қадағалауды Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro