“Халықтың үніне құлақ асу мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналады“ - Тоқаев Халық кеңесі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Халықтың үніне құлақ асу мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналады“ - Тоқаев Халық кеңесі туралы Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық үні мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Халық кеңесін құру мәселесіне тоқтала отырып айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық үні мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Халық кеңесін құру мәселесіне тоқтала отырып айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президенттің айтуынша, азаматтардың дәйекті өтініштері міндетті түрде ескеріліп, нақты нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау арқылы мемлекеттік мекемелерге тиісті тапсырмалар берілуі керек деген сөз.

"Шын мәнінде, тиімді жұмыс істейтін қоғамдық институттары болса ғана, Озық және Әділетті мемлекет қалыптасады. Сол себепті, мен жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесін құруды ұсындым", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан Халық Кеңесі мәслихаттардың, қоғамдық кеңестердің, сарапшылар алаңы мен азаматтық қоғам ұйымдары өкілдерінің басын біріктіреді. Бұрын Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер енді Халық кеңесіне өтеді.

"Осылайша, құрылым форматы өзгергенімен, жалпыұлттық бірлігіміздің мәні ішкі саясатымыздың маңызды бағыты ретінде сақталады", - деп қадап айтты Президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы. Көпұлтты және әралуан Қазақстанымыздың символы.

"Бұрын шашыраңқы болған құрылымдар заң шығару бастамасын көтеру құқығына ие болатын Жоғары консультативтік органның аясына бірігеді. Демек, халықтың үніне құлақ асу мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналады", - деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ Президент елімізде жүргізілген реформалардың ең басты нәтижесі – азаматтардың маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне қатыса алуы екенін айтты.

"Халықтың өз ықтиярын тікелей білдіру тетігі отыз жылға жуық уақыт бойы қолданылмай келді. Тек соңғы жылдары ғана саяси тәжірибемізге енді. 2022 жылдан бері ел тағдырына әсер ететін маңызды мәселелер бойынша үш рет жалпыұлттық референдум өтті", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мән-жайы

2026 жылдың қаңтарында Тоқаев Халық кеңесін құруды ұсынды. Ол кезде жаңа орган Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнын басуы тиіс екені, ал оның құрамын этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңес өкілдерінен жасақтау ұсынылғаны хабарланған болатын.

Кейін Конституцияда Халық кеңесі туралы жеке бөлімді бекіту ұсынылды. Негізгі заң жобасында ол Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде айқындалды.

Читайте также

Валюта бағамы

 485.26   552.61   6.23 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +27
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +24
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +28
П
Павлодар +22
Петропавл +30
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +17
О
Орал +26
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер