16 қараша 2020 | 07:28

Ханкөл ауылындағы елесті тексеруге полицейлер жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желідегі видеолардан кадр Әлеуметтік желідегі видеолардан кадр

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жергілікті тұрғындарды қорқытатын елесті тексеру үшін полицейлерді Ханкөл ауылына (Қаратөбе ауданы) жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Үміт" газетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жергілікті тұрғындарды қорқытатын елесті тексеру үшін полицейлерді Ханкөл ауылына (Қаратөбе ауданы) жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Үміт" газетіне сілтеме жасап.

Әкім елеске қатысты ақпарат расталмаған деп есептейді, бірақ бәрібір полицияға жағдайды тексеруді бұйырды.

"Ешқандай мәселе болмауы керек, себебі күнде таңертең құқыққорғау органдары маған тұрғындарды не мазалайды немесе қандай мәселе туындағаны туралы ақпарат береді. Егер бұл сондай есепте болмаса, демек жалған ақпарат немесе біреулер қалжыңдап жүр. Мен біздің мұндай проблемамыз жоқ деп ойлаймын. Полиция қызметіне тексеруді тапсырамын", - деді Есқалиев.

Еске салайық, Ханкөл ауылының тұрғындары шашын жалбыратқан қыздан үрейленіп отырғанын айтты. Олардың айтуынша, елес терезені қағады және тасжолдың бойында жүргізушілерді қорқытады. Жүргізушілердің кейбірі елес көліктің ішінде пайда болып, айдауға кедергі жасайтынын айтады. 

Кейін Ауыл әкімі жергілікті имам және ақсақалдармен бірге "қара күштен" құтылу үшін құрбан шалды деген хабар тараған. Алайда БҚО Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев "құрбан шалдық, бірақ елес үшін емес" деген болатын. 

Енді полицейлер мәселенің мән-жайын анықтау керек. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети