Хасан Қасымбаев жазасын жеңілдетуді сұрады: іс сотқа жетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хасан Қасымбаев жазасын жеңілдетуді сұрады: іс сотқа жетті видео кадры

Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымдары түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымдары түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Сот кабинеті сайтында жарияланды. Порталдағы дерекке сәйкес, іс бүгін, 2026 жылғы 13 қаңтарда судьяға жолданған.

Скриншот: Сот кабинетінен

Осылайша, тараптар үкімге шағымданып, істі жоғары тұрған сот сатысында қайта қарауға қол жеткізуді көздеп отыр.

Еске салайық, сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлағаны, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені және бопсалағаны үшін кінәлі деп тапты. Осылайша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Істің мән-жайы

Хасан Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған болатын: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау. Онымен қатар тағы бес адам сотталды. Істе екі жәбірленуші бар — ММА файтері және жаттықтырушы Арман Әлімов пен кәсіпкер Әріпжан Тәжиев.

Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.75  course down  596.12  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети