Хасан Қасымбаев не үшін ұсталғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хасан Қасымбаев не үшін ұсталғаны белгілі болды видео кадры

Алматы облысының Полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдің ПД баспасөз қызметі мәліметінше, азамат К. 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол 2021 жылдың маусымында А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

"Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін “Хутор“ ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаев ұсталғаны белгілі болды. Хасан Қасымбаевтың аты Талғардағы атышулы адам өлтіру оқиғасынан кейін шыққанын айта кеткен жөн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети