Хасан Қасымбаев сот залындағы терезені сындырған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хасан Қасымбаев сот залындағы терезені сындырған Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Хасан Қасымбаев сотталушылар орындығындағы пластик терезені сындырған. Оқиға бүгін, үкім шыққанға дейін шамамен жарты сағат бұрын болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Хасан Қасымбаев сотталушылар орындығындағы пластик терезені сындырған. Оқиға бүгін, үкім шыққанға дейін шамамен жарты сағат бұрын болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, Қасымбаев пен басқа да сотталушылар сот залында журналистер болуына наразылық танытқан.

Осыдан кейін сот қызметкерлері журналистер мен операторларды бірден залдан шығарған.

Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысының айтуынша, журналистер "қауіпсіздік мақсатында" шығарылған.

Еске салайық, бүгін Алматы облысы Талғар ауданы сотында Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети