Хасан Қасымбаев сот залындағы терезені сындырғаны үшін қалай жазалануы мүмкін?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хасан Қасымбаев сот залындағы терезені сындырғаны үшін қалай жазалануы мүмкін?

Алматы облысында 11 қарашада үкім жарияланар алдында айыпталушыларға арналған кабинаның терезесін сындырған Хасан Қасымбаевтың әрекетін полиция тексеріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі адвокат Абзал Қасымжановтан соттағы мүлікті бүлдіргені үшін Қасымбаев қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 11 қарашада үкім жарияланар алдында айыпталушыларға арналған кабинаның терезесін сындырған Хасан Қасымбаевтың әрекетін полиция тексеріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі адвокат Абзал Қасымжановтан соттағы мүлікті бүлдіргені үшін Қасымбаев қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін сұрады.

Оқиға қалай болған?

Алматы облысы Полиция департаменті Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап бере отырып, бұл факт аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.

"Қажетті процессуалдық тексерістер жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", – делінген жауапта.

Сонымен қатар, полиция Талғар аудандық соты тарапынан бұл оқиғаға байланысты ешқандай шағым түспегенін атап өтті.

Бұған дейін Алматы облысы Сот әкімшілігі департаменті залдағы сынған пластик терезені сотталушы Хасан Қасымбаевтың туысы қалпына келтіргенін хабарлаған еді.

Хасымбаевқа қандай жаза қолданылуы мүмкін?

Адвокат Абзал Қасымжановтың айтуынша, Қасымбаевтың әрекеті келесі баптар бойынша қарастырылуы ықтимал:

  • ҚР ҚК-нің 202-бабы – Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру;
    ҚР ҚК-нің 410-бабы – Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын, сотты құрметтемеу;
    ҚР ҚК-нің 293-бабы – Бұзақылық.

"Заң бойынша бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру немесе жою үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Көрсетілген бап бойынша жаза жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады", – деді адвокат.

Қасымбаев сотты сыйламағаны үшін де жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл бап бойынша:

  • 160 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы – 629 120 теңге);
  • дәл сол мөлшерде түзету жұмыстары;
  • 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
  • 40 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған.

Адвокаттың айтуынша, Қасымбаевтың әрекеті бұзақылық ретінде де бағалануы мүмкін:

"Бұл - қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, қоғамға ашықтан-ашық құрметсіздік көрсету және бөтен мүлікті бүлдірумен қатар жүруі мүмкін. Мұндай жағдайда қылмыстық кодекс алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды да қарастырады", – деді ол.

Айта кетейік, 11 қарашада сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау бойынша кінәлі деп таныды. Айыптардың жиынтығы бойынша Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орта қауіпсіздік деңгейіндегі түзету мекемесінде өтейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети