"Хайп үшін жұртты шулатып". Тоқаев антиваксерлер туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хайп үшін жұртты шулатып". Тоқаев антиваксерлер туралы пікір білдірді Фото: elements.envato.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинацияға қарсылық танытатындарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинацияға қарсылық танытатындарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Амал не, бүгінде қоғамдық талқының сапа деңгейі төмендегенін бақылап отырмыз. Белгілі адамдар ешқандай негізі жоқ әрі популистік мәлімдемелерімен хайп үшін жұртты шулатып, адастырып жатқанын байқап отырмыз. Жарқын мысалы - антиваксерлердің деструктив позициясы (екпеге қарсы қозғалыс. - авт.). Әлеуметтік маңызы бар мәселелердегі көзқарастардың бітіспестігі, біржақты көзқарастар алаңдатады", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Президенттің айтуынша, мұндай жағымсыз бағыттар басымдыққа ие болатын тенденцияға айналуына жол берілмеуі керек.

"Бұл қоғамдық адастыруға әкеп соғады, өзара сенбеушілік атмосферасын туғызады және түптеп келгенде ұлттың дамуын тежейді. Қоғамдық қызмет - жоғары миссия, сонымен қатар отандастарыңның алдындағы зор жауапкершілік. Ең алдыммен өз сөзің мен ісіңнің салдарын түсінуің керек", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, Ұлттық кеңес міндеті - үйлесімді қоғамдық орта тууына септесу, өркениет диалог нормаларын нығайту.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети