Химия, физика және биологияны бір пән ретінде біріктіру: министр пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Химия, физика және биологияны бір пән ретінде біріктіру: министр пікір білдірді Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде жаратылыстану ғылымдарын бірыңғай пәнге біріктіру бойынша ведомство ұстанымын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде жаратылыстану ғылымдарын бірыңғай пәнге біріктіру бойынша ведомство ұстанымын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біраз уақыттан бері қоғамда мектептегі жаратылыстану пәндері біріктірілетіні туралы мәселе қызу талқыланып жатыр. Министр Алматыда өтіп жатқан II халықаралық жас ғалымдар конгресінде осы турасында пікір білдірді.

"Бір мәселеге нүкте қойғым келеді. Қазір жаратылыстану ғылымдарын - физика, химия және биологияны бір пәнге біріктіру идеясы қызу талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі өз ұстанымын нақты көрсетті, бұл пәндер біріктірілмейді", - деді министр.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, "физика физика, химия химия, биология биология болып қала береді және бөлек оқытылады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.02  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети