ХҚКО-ларда ақауға байланысты ұзын-сонар кезек пайда болды: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

ХҚКО-ларда ақауға байланысты ұзын-сонар кезек пайда болды: видео Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстандықтар ХҚКО және арнайы ХҚКО қызметіндегі жаппай ақауға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар ХҚКО және арнайы ХҚКО қызметіндегі жаппай ақауға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақауларға байланысты ел бойынша ХҚКО және арнайы ХҚКО-ларда азаматтарды қабылдау кідірді, бұл ұзын-сонар кезектердің пайда болуына әкелді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәліметінше, мәселе Мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы инфрақұрылымда жүйенің жылдамдығының төмендеуінен туындаған.

"Қазіргі уақытта барлық техникалық проблема жойылып, орталықтар қызметтерді қалыпты режимде көрсетіп жатыр", – деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет".

Ұйымның мәліметінше, ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін және 50-ден астам мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен байланысқан интеграцияланған ақпараттық жүйе негізінде қызмет көрсетеді.

"Егер осы жүйелердің кез келгенінде техникалық ақаулар немесе дұрыс жұмыс істемеу жағдайлары туындаса, қызмет көрсету процесінде қиындықтар туындайды", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети