19 қаңтар 2017 | 14:32

ХҚКО мобильдік топтары базарлар мен оқу орындарына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгіннен бастап азаматтардың қолайлылықтары үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарды уақытша тіркеу бойынша қызметтерді көрсету үшін оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорпциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгіннен бастап азаматтардың қолайлылықтары үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарды уақытша тіркеу бойынша қызметтерді көрсету үшін оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорпциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Уақытша тіркеліп үлгермеген азаматтардың қолайлылықтары үшін ХҚКО-лардың мобильдік топтары ЖОО-ларда және сауда үйлерінде қызмет көрсететін болады. Мобильдік топтардың инспекторлары барлық қалаушыларға электорондық цифрлық қолтаңба жазып, электрондық үкімет порталында уақытша тіркеуге өтініш ресімдеуге көмектеседі. Бұл шығулар барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы - Мемлекеттік қызметтерді көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташева.

Оның айтуынша, Астанада мобильдік топтар "Артем", "Еуразия", "Азиа парк" сауда үйлеріне, ал Алматыда "Тигрохауд", "Арыстан", "Болашақ" және т.б. базарларға шығатын болады. Мобильдік топтар барлығы 82 нүктені, оның ішінде ЖОО-ларды, базарларды және мемлекеттік ұйымдарды қамтуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, азаматтарды уақытша тіркеу қызметін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асыруға болады. Қызмет "Азаматтық, миграция және иммиграция" тарауында қолжетімді. ХҚКО қызметкердері азаматтарға уақытша тіркеуге өтінімді ресімдеуге көмектеседі, бұл ретте меншік иесі (біреу немесе бірнеше)ЭЦҚ арқылы өз келісімін растауы тиіс, одан кейін өтінім тіркелушінің Жеке кабинетіне қайтып келеді. Ол онлайн режимінде  мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет және өз өтінішініне ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет. Уақытша тіркелгенін мекенжайын тексеру үшін азамат мекенжай анықтамасын ала алады.

Базарлар мен оқу орындарында мобильдік топтардың жұмыс істеу кестесін мына сілтеме арқылы көре аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.55   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети