10 ақпан 2024 15:38

Хромтауда науқасқа боранда үш шақырым жаяу барған жедел жәрдем қызметкерлері марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде науқасқа боранда үш шақырым жаяу барған жедел жәрдем қызметкерлері марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Ақтөбеде науқасқа боранда үш шақырым жаяу барған жедел жәрдем қызметкерлері марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қолайсыз ауа райына қарамастан, қызметіне адалдық танытып, әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған фельдшерлерді марапаттадыБауыржан Құдияров, Сая Рысбаева, Қайрат Төлеуге өңір басшысы Алғыс хат табыстады.

Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері 2024 жылдың 7 ақпан күні жүрегі сыр берген науқасқа бармақ болады. Үш маман, көлігі қар басқан көшеге кіре алмай, жарты жолда жаяулатады. Боранды күні ұзақ жүруге тура келген. Медицина қызметкерлері бұл сәтті видеоға түсірген. Бірақ ол әлеуметтік желіде таралады деп ойламапты.

"Біз белгіленген жерге кешігіп жатсақ, диспетчерлерге дәлел ретінде бейнежазба жазып жібереміз. Науқасқа барып, жұмысқа қайтып келсек, әлеуметтік желілерде әлгі видеомыз тарап кеткен", - дейді Бауыржан Құдияров.

Асхат Шахаров сондай-ақ, емхана қызметкерлеріне, сын сағатта қызмет еткен барша азаматқа алғысын білдірді. Кез келген уақытта, ауа райының қандай боларына қарамастан, адамдардың өмірін сақтап қалуды көздеген мамандардың еңбегі міндетті түрде еленетінін жеткізді.

Мұндай жағдайлар жиі болады - Ақтөбеде науқасқа боранда үш шақырым жаяу барған дәрігер

Медицина қызметкерлерінің еңбегін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да атап өтті.

"Кез келген ауа-райында, аяз бен боранда, жол жоқ жерде жедел жәрдем бригадалары төтенше жағдайларға қарамастан адамдардың өмірін сақтап қалу қажет миллиондаған шақыртуға қызмет көрсетеді. Осындай батырлардың қатарында – Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері Құдияров Бауыржан Сұлтанханұлы, Тілеу Қайрат Берікұлы, Рысбай Сая Ыбырайқызы бар. Олар қар құрсауына қарамастан жүрек ұстамасымен ауыратын науқасқа жетіп, өздерінің асыл кәсібіне адалдықтары мен күш-жігерлерін танытты.

Дәрігерлердің айтуынша, сол жерде кардиограмма жасалып, ұсынымдар берілді, сәтін салғанда пациент емдеуге жатқызуды қажет етпеді. Денсаулық сақтау министрлігі Хромтау ауданының жедел жәрдем бригадасы фельдшерлерінің қажырлы еңбегін атап өтеді. Әртүрлі қиындықтарды жеңе отырып, науқастардың өмірін сақтап қалатын барлық медицина қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз", - дейді министр.

Еске салайық, боранда далада жүрген медицина қызметкерлері Желіні тәнті еткен болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бекарыс Қошқарбай (@dauletten)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 452.97   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети