11 мамыр 2020 | 20:12

i-balaqai жобасында Дима Зицер. Мектептегі бағалар, буллинг пен бала кездегі жарақаттар

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер ата-ананың баланы қолдауы мен көмегі, мектептегі бағаның оқушы ынтасына қалай әсер ететіні және мектептегі буллинг туралы айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер ата-ананың баланы қолдауы мен көмегі, мектептегі бағаның оқушы ынтасына қалай әсер ететіні және мектептегі буллинг туралы айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді. 

Реклама
Реклама

Әріптестерімен "Бейресми білім беру" деп аталатын бағытты дамытатын Дима Зицер бұл түсініктің мағынасын айтып берді.  

Бейресми білім беру - бірнеше принциптен тұратын заманауи гуманистік тәжірибе:

Білім берудің міндетті процесі - қатысушының қызығушылығының болуы; Білім беру субъекті; Оқу процесіне қатысушыны таңдау; Білім негізі - өзара іс-қимылды орнату; Білім "дәл қазіргі уақытта" берілуі керек.

Сарапшының сөзінше, бұл принциптерден баға беру процесті бәсеңдететінін, балалар басқару мен процесті ұйымдастыруда атсалысып қана қоймауы керек. Педагог мысал ретінде адами қарым-қатынасқа бірнеше күн баға беруге болатынын айтты. 

"Қымбаттым, сенің бүгінгі тәртібіңе мен 3- деген баға беремін" деп айтса, ал күйеуі: "Түскі ас үшін 4 қоямын" деп айтқанды елестетіңізші. Мұндай қарым-қатынас бірнеше күннен кейін бұзылатыны түсінікті. Балалармен шын мәнінде осындай байланыс орнатқанбыз. Біз сонда сөйлей алмаймыз ба? Адам сияқты кері байланыс орната алмаймыз ба? Сонда өзара әрекеттесе алмаймыз ба? Біз сонда сұрақ қойып, соған жауап бере алмаймыз ба? Бағалау пайда болған кезде салыстыру да пайда болады, біздің түсінуімізше. Салыстыру - өте мықты фактор. Оның мықты болғаны соншалық басқасын шетке ысырып жібереді. Үлкендер сабақ оқу қызық деп айтқанымызбен, баға беру пайда болғаннан бері сабақ оқуға деген ынта ашылды, себебі "мен бестік алғым келеді" немесе "мен екі алғым келмейді" дегендей. Ондай ынта егер біз өз ісіміздің маманы болмасақ, басқа ынталандыруды қалыптастыра алмасақ пайда болады", - дейді сарапшы. 

Дима Зицер мектептегі буллингтің туындауына қоғам себеп болатынын айтады. 

"Мектеп қоғамнан бөлек емес. Бұл - бұллинг қоғамда бөлек деген сөз. Балалар ересектерден үйренеді. Үлкендердің кішілерді ренжітуі деген не? Бұл ересектер кімнің күші көп сол дұрыс екенін үйретеді деген сөз. Олар дәл солай туыла салған жоқ. Бәлкім оларды үйде: "Бұл жерде ең басты адам менмін, мен үлкенмін. Мен сенің әкеңмін, қалай өмір сүретініңді мен шешемін" деп үйреткен болар. Бұл көптеген мысалдың бірі", - дейді педагог.  

"Балаларға сабақ оқуда көмектесу керек пе?" деген сауалға сарапшы қол ұшын созу керегін, алайда ұстаздың орнын басуға тырыспау керегін айтады. Бала ата-ананың қолдауына зәру. Дима Зицердің сөзінше, қолдау - жайлы әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.  

"Бала бір есепті бес минутта емес, төрт күн оқығаннан кейін түсінгенде тұрған ештеңе жоқ. Ештеңе болмайды. Әсіресе бала үйде "Анашым, маған көмектесші. Әкешім, маған көмектесші" деп айтуға мүмкіндігі болатындай жылы атмосфера болса жақсы", - дейді Дима Зицер.  

Егер әкесі не анасы жиі көмектесуден бас тартса, әке-шешенің ойындағы қорқыныш орнауы мүмкін. Бала қиын сәтте ата-ананың көмегіне жүгінбейтін болады. Дима Зицердің сөзінше, болашақта ондай адам тек көмек сұрамай қоймай, сонымен қатар, өзі де қол ұшын созбайтын болады. 

"Бәріміз балалық шағымызда не болғанын есімізде сақтап қаламыз. Түрлі жағдай есімізге түседі. Жоқ, бұл ол адам үйден кетіп қалады деген сөз емес. Жоқ, бұл ол адам ата-анасына дөрекілік көрсетеді деген сөз емес. Кейде болады, бірақ көп жағдайда олай емес. Бұл ол адам қиын сәтте тек жақындарына сүйенуге болатынын түсінгенін білдіреді. Сәйкесінше, ол уақыт өте келе оны үйрнбейді де, әсіресе әңгіме кішкентай балалар туралы болса. Себебі біз бәрін ата-анамыздан үйренеміз ғой. Егер маған "Көмектес" десе, маған: "Бар да өзің істе" дегені. Бұл 20 жылдан кейін балаға "Көмектес" деп айтқан кезде олар, өкінішке қарай, "Бар да өзің істе" деп айтуы мүмкін", - дейді сарапшы. 

"Қиын өмірден жақсы адам тумайды", - дейді маман. Дима Зицер ересектерге "данышпандарды" қинап өсіруге болмайтынын айтады. 

"Менің балама Моцарттың өміріндей тағдыр жазылса" дейтін ата-аналар соны шынымен қалайтындарына сенімді ме? 40 жасында өліп, жырадағы мәйіт - олар шынымен осыны қалай ма? Мейлі, қазір оларды қинап тұрып үйрету керек дейтін ата-аналар олардың естелігін оқысын. Ол адам дарынды болғанымен қандай жарақат алғанын түсінсін", - дейді педагог. 

Балалық шағында зорлықтың кез келген түрін бастан өткізген адам, болашақта өзі құрбан не зорлаушы рөлінде болуы мүмкін. 

"Оны қинағаннан кейін, ол кейін бұл жайтты ересек өмірінде бастан кешіріп, жанында жүрген адамдарды соның ішінде немерелерін қинамайтынына кім кепіл? Себебі ол үнемі негатив күшті сезді, оны әрі қарай өзімен алып жүреді", - дейді сарапшы. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Психолог Александр Колмановский жанұядағы дағдарыс пен жанжал мәселесін қозғады. Жазушы Наталья Ремиш балалардың қорқынышы, эмпатия және мультфильмдер туралы айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная