ПОДЕЛИТЬСЯ
08 мамыр 2020 | 21:04
i-balaqai: Наталья Ремиш балалардың қорқынышы, эмпатия және мультфильмдер туралы
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында жазушы, продюсер, "Просто о важном. Про Миру и Гошу" жобасының авторы Наталья Ремиш балалардың эмоционалдық дамуы мен оны тәрбиелеу және неліктен балаларға мультфильм көру барысында көмек керегін және баланың қорқынышын қалай жеңуге болатынын түсіндірді. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында жазушы, продюсер, "Просто о важном. Про Миру и Гошу" жобасының авторы Наталья Ремиш балалардың эмоционалдық дамуы мен оны тәрбиелеу және неліктен балаларға мультфильм көру барысында көмек керегін және баланың қорқынышын қалай жеңуге болатынын түсіндірді. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері болады.
Наталья Ремиш қазіргі таңда танымал "эмоционал интеллект" деген тіркес ақырғы нүкте екенін, алайда оған жету үшін ұзақ еңбек ету керегін айтады.
"Бірақ сол ақырғы нүктеге жету үшін ұзақ еңбек ету керек және ол жол эмоционал даму деп аталады. Эмоционал интеллектке жетелейтін дағдыларды игеретін кез", - дейді маман.
Жазушы балалардың қорқынышын жеңуіне ата-ана тарапынан эмпатияның болуы және іс-әрекет алгоритмін түсіндіру екенін айтады. Егер балада арнайы жоспар болса, оның уайымы кетеді.
"Эмпатия - тез түсініп, қабылдап, сол эмоцияны сезіп, әрі қарай өмір сүру", - дейді Наталья Ремиш.
Жазушы баламен өлім туралы әңгімелескенде оны не мазалайтынын айтты.
"Маған балалар психологы баланы өлім туралы әңгімелесуде бірінші кезекте өзіне не болатыны мазалайтынын айтқан. Мәселен, егер анасы көз жұмса, балаға не болады? Яғни, баланы анасының өмірден өткенінен гөрі, оған енді таңғы асты кім дайындайтыны уайым болады. Ол анасын жақсы көрмейді деген сөз емес, себебі бала назардың бәрі өзінде болғанына үйреніп қалған. Бүкіл бүкіл әлем оның аяғының астында секілді көрінеді", - дейді жазушы.
Наталья Ремиштің сөзінше, балаларға құстар, ит пен балықтың өмірін мысал ретінде келтіріп, өмір циклын түсіндіру керек.
Сарапшы ұялшақ баламен байланыс орнатуда оны өзгертуге тырыспау керек.
"Біз бәріміз әртүрліміз. Бала тәрбиелеуде ол тұлға екені, ол сіз емес екеніңіз, ол сіздің жалғасыңыз екенін түсіну керек. Маркетинге brand extension деген түсінік бар, яғни, басты және кіші бренд бар. Егер бала ұялшақ болса, оны ортаға қинап алып келіп, достарына апарып "Қара, бәрі көңілді ғой" деп айтып, ойнауын талап етудің қажеті жоқ", - дейді маман.
Бұл сәтте ата-ана өзінің ішкі қабылдауына бағынып, балаға тапсырма береді. Ал ол бала үшін қиынға түседі.
"Оны тек ашық сөйлесіп түсінуге болады. Егер бала ойнағысы келетінін айтса, бірақ ұялып тұрса, достарымен бірге болғысы келсе, ол адамдармен көбірек араласса дос табуы жеңілірек болады. Бұл кезде оның қандай қорқынышы барын, ол жерге баруға неге қорқатынын түсіну керек. Егер бала "Маған осы жерде отырып, балалардың ойнағанын қарау ұнайды" десе - керемет. Мен ана жүрегі ыңғайсызданатынын, ол баласы басқа да балалармен бірге ойнағанын қалайтынын түсінемін. Біреу бақылаушы, ал басқасы ойынды қалаушы", - дейді Наталья Ремиш.
Эфир қонағының айтуынша, әр тобасында мультфильм көру уақыты әрқалай, баланың жасында байланысты.
"Мультфильм - белгілі бір картина. Менің көзқарасым бойынша балаға шынымен де кері әсер ететін мультфильмдер бар. Басқаша лексика қолданылатын мультфильмдер бар, яғни, байланыс өте қатаң болады", - дейді маман.
Ата-аналар шынайы емес кейіпкерлерді бала күтуші ретінде қолданады. Алайда, Наталья Ремиштің сөзінше, бала мультфильм көру барысында түрлі эмоцияға ерік береді.
"Егер балаңыз: "Анашым, мен қорқып кеттім, менің жанымда отырыңызшы" десе, баланың жанына барып: "Сен қазір қорқып тұрсың ба?" деп сұрау керек. Сіз сәл пауза қойып, бала неліктен қорыққанын талқылау керек. Баламен: "Ол бұл жағдайдан қалай шығатынын қарап көрейік. Бұл мәселе қалай шешілетінін ойластырып көрейік. Ол қалай құтылып шығады екен" деп сөйлесу керек. Шешілмейтін мәселе жоғын түсіндіру керек және біздің міндетіміз - мультфильм кейіпкерінің эмоциясын бақылау", - дейді жазушы.
Сондай-ақ Наталья Ремиш жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сауалына жауап берді. Оның айтуынша, бүгінде көптеген елде карантин режимі енгізілгендіктен адамдар көп уақытын телефонда өткізеді.
"Біз, әрине, гаджеттер зиян деп кесіп айта алмаймыз. Бұл олай емес. Ол біз үшін тікелей эфирлер өткізуге, балаларға сабақ оқуға, ақпаратқа еркін қол жеткізуге арналған бірден бір құрал", - дейді маман.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады.
Сондай-ақ подкастты SoundCloud, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Психолог Александр Колмановский жанұядағы дағдарыс пен жанжал мәселесін қозғады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также