Я.Пейшэн: Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде зор жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Я.Пейшэн: Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде зор жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді © Zanmedia.kz

Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде зор жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Оны ресми сандар растайды: тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан БҰҰ елдеріне 100 миллион доллардан астам көлемде көмек ұсынған, - деді ҚХР СІМ елшісі Яо Пейшэн, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.
 
"Қазақстан 25 жыл ішінде зор жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Оны ресми сандар растайды. Маған ең көп әсер қалдырғаны - бұл тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның көмек алушы елден донор елге айналуы. Қазақстан БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге 100 млн. доллардан астам көлемде әр түрлі нысанда көмек ұсынған. Қазақстан Ауғанстаннан студенттердің білім алуының өзіне ғана 50 млн. АҚШ долларын бөлген, сондай-ақ осы елге басқа да көмек ұсынған. Көрші Қырғызстан және Тәжікстан елдері де дағдарыс уақытында уақтылы көмек алған", - деді  Яо Пейшэн Астанада өткен саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың "Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздіктің 25 жылы. Нәтижелер және болашақ" атты халықаралық форумы барысында.

Оның пікірі бойынша, Қазақстанның жетістігі табиғи ресурстарға емес, Мемлекет басшысының дұрыс әрі көреген саясатына байланысты.

"Қазақстанның Бірінші Президенті ел қауіпсіздігін қорғауды, ішкі тұрақтылықты және қоғамдық береке-бірлікті негізгі мақсат етіп қоятын тәжірибелі саясаткер", - деп атап өтті Яо Пейшэн.

Еске салайық, Астанада саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздіктің 25 жылы. Нәтижелер және болашақ» атты халықаралық форумы өтуде. Форумның жұмысына Қазақстанның белгілі саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары, Германия, Италия, Қытай және Ресейден келген ғалымдар мен сарапшылар, академиялық орта, мемлекеттік органдар, азаматтық сектор өкілдері қатысуда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети