Ибрагим Күлшімбаев төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ибрагим Күлшімбаев төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды Фото:gov.kz

Ибрагим Күлшімбаев төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ибрагим Күлшімбаев төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ибрагим Күлшімбаев 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2004 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Амантау кеңшарында автопарк механигі болып бастаған.

1996-1999 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігі 1-армия корпусы 78 танк дивизиясы 143 танк полкінің штаб бастығының орынбасары, танк взводының командирі.

2000-2004 жылдары - ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2004-2005 жылдары - Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар басқармасы Дайындық және оқыту орталығының бөлім басшысының орынбасары.

2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымында жұмыс істеді.

2009-2013 жылдары ҚР ТЖМ 52859 әскери бөліміне басшылық етті.

2013-2016 жылдары - Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары.

2016-2020 жылдары Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети